"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, (бұдан әрі – Ереже) аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада, көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. 2011 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына өтініш берген сәтіне тұрғын үй сатып алу үшін, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2011.10.18 N 40/399 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Бекітілген Ережеге сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша өкілетті орган ретінде "Қарқаралы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, осы шешімді іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
32 - сессия төрағасы | С. Жекеев |
Аудандық мәслихат хатшысы | О. Жүкібаев |
"Келісілді" | |
"Қарқаралы ауданының экономика және | |
бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ-нің бастығы | |
Б. Берниязов | |
29 наурыз 2011 жыл