"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 753 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 29 наурыздағы "2011 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 32/321 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-98 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2011 жылғы 14 мамырдағы N 37-38 (10953) сандарында жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "алты жүз отыз" деген сөздер "бір мың бес жүз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
40-сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | Е. Қасымжанов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қарқаралы ауданының экономика және | |
бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
Мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
_______________ Б. Берниязов | |
17 қазан 2011 жыл