Қарқаралы ауданы бойынша 2012 жылға салық салу объектісінің бiрлiгiне тiркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерi, аудан базарларында бiр жолғы талонның құнын бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының XLIII сессиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 43/426 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 қаңтарда N 8-13-116 тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 51 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 51 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі)" Кодексіне, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы ауданында салық салу объектісінің бірлігіне тiркелген салықтың базалық ставкаларының 2012 жылға арналған мөлшерлерi 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Эпизодтық сипаттағы 2012 жылға арналған кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір жолғы талонның құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Аудан базарларындағы бір жолғы талонның құны 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Р. Смағұлов
Аудандық мәслихат хатшысы
О. Жүкібаев
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Қарқаралы ауданы бойынша
 
салық басқармасы" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
Р. Мүкеева

      
      9 желтоқсан 2011 жыл

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
N 43/426 шешіміне
1 қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
10
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
15
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
75
5.
Карт
10
6.
Бильярд үстелі
23

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
N 43/426 шешіміне
2 қосымша

Эпизодтық сипаттағы 2012 жылға арналған кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір жолғы талонның құны

Рет N
Эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің түрлері. Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы)
Бір жолғы талондар құны 1 күнге (теңге)
1.
Газеттер мен журналдар
110
2.
Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (екпелер, көшет)
320
3.
Бақша дақылдары
240
4.
Саяжай және үй жанындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдер
320
5.
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін
190
6.
Жануарла мен құстарға арналған дайын жемшөп
70
7.
Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балық
70
8.
Үй жануарлары мен құстарды жаю
80
9.
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері
420

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
N 43/426 шешіміне
3 қосымша

Аудан базарларындағы 2012 жылға арналған бір жолғы талонның құны

N рет
Базар аттары
Мамандану
Бір жолғы талондар құны 1 күнге (теңге)
1.
Қарқаралы ауданының базарлары
азық-түлiктiк
30
2.
 
азық-түлiктiк емес
50

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады