Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Аймаков