Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы N 234/37 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда N 8-4-224 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 11.05.2016 № 2/19 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Приозерск қаласы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орыны реттелсін ("Родина" орталық қалалық стадионы).
      2. Приозерск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 272/42 "Приозерск қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлау мерзімінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу орындарын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-81 болып тіркелген, 2007 жылғы 27 шілдедегі N 19 (94) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Жолдас Б.Қ.).
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасы
О. Әйтбенбетов
Қалалық мәслихат хатшысы
Е. Омаров
КЕЛІСІЛДІ
 
Приозерск қаласының әкімі
 
Е. Өтешев
 

      
      2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады