2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі N 900 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 05 сәуірде N 10-1-171 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 3501 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.04.10 N 3501 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегi әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзімдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығына, "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымындағы N 623 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін қалалық шақыру комиссиясы (әрі қарай-комиссия) құрылсын және оның құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының жүргізілу кестесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. Кент, ауылдық округ әкімдері мерзімді әскери қызметке орай, әскерге шақырылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі басқармаға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Б.Баймаханов, келісім бойынша):
      1) Шақырылушыларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу үшін білікті дәрігер-мамандар бөлуге, осы міндеттерді атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталуына ықпал жасасын.
      2) медициналық комиссияларды қажетті медикаменттермен, медициналық құралдармен және өзге де қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінен (Ә.Шаймағамбетов, келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жекізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлуді сұралсын.
      7. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру мерзіміне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын 50 (елу) адам бөлу мәселесін қарастыру тапсырылсын.
      8. "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы N 823 қаулысы жойылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Жәлиевке жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      ҚАЛА ӘКІМІ

М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      "Келісілді"
      Қызылорда қалалық Ішкі істер
      басқармасының бастығы
      ________________________________
      "______"_____________2011 жыл


      "Келісілді"
      Қызылорда қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқарма бастығы
      Шамшираков Сейтек Мирасбекович
      ________________________________
      "_____" _____________2011 жыл


      "Келісілді"
      Қызылорда облысының Денсаулық
      сақтау басқармасының бастығы
      Баймаханов Болат Бимендіұлы
      ______________________________
      "______" _____________2011 жыл



Қызылорда қаласы әкімдігінің
2011 жылғы "1" сәуірдегі
N 900 қаулысымен бекітілген
1-қосымша

2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
 

Шамшираков Сейтек Мирасбекович
 

"Қызылорда қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы(келісім бойынша);
 

Айдаров Рустамбек Сейтқалиұлы
 

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары
 

Комиссия мүшелері
 

Омаров Балтабай
 

Қызылорда қалалық ішкі істерi басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигi (келісім бойынша );
 

Оспанова Оразкуль Караевна
 

N 1 қалалық емхана дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
 

Жағалтаева Айсулу Камаловна
 

N 6 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
 

   


Қызылорда қаласы әкімдігінің
2011 жылғы "1" сәуірдегі
N 900 қаулысымен бекітілген
2-қосымша

АЗАМАТТАРДЫ 2011 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР-МАУСЫМЫНДА ЖӘНЕ ҚАЗАН-ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ
 

Р/с
N
 

Медициналық талдаудан өтетін азаматтардың саны
 

Барлы-ғы
 

сәуір
 

мамыр
 

маусым
 

қазан
 

қараша
 

желтоқсан
 

1
 

а/о Тасбөгет Қ-Орда 4-емхана
 

200
 

8, 22
 

11, 25
 

8, 22
 

5, 19
 

2, 16, 30
 

14
 

2
 

а/о Ақжарма Қ-Орда 4-емхана
 

105
 

11, 25
 

12, 26
 

9, 23
 

6, 20
 

3, 17
 

1, 15
 

3
 

а/о Қызылжарма Қ-Орда 2-емхана
 

110
 

12, 26
 

13, 27
 

10, 24
 

7, 21
 

4, 18
 

2, 19
 

4
 

а/о Белкөл Қ-Орда Темір-жол емханасы
 

30
 

13, 27
 

16, 30
 

13, 27
 

10, 24
 

7, 21
 

5, 20
 

5
 

а/о Ақсуат Қ-Орда 2-емхана
 

30
 

14, 28
 

17, 31
 

14, 28
 

11, 25
 

8, 22
 

6, 21
 

6
 

а/о Қарауылтөбе Қ-Орда 6-емхана
 

20
 

15
 

3, 18
 

1, 15, 29-30
 

12, 26
 

9, 23
 

7, 22-31
 

7
 

а/о Қызылөзек Қ-Орда 2-емхана
 

40
 

18
 

4, 19
 

2, 16, 29-30
 

13, 27
 

10, 24
 

8, 22-31
 

8
 

а/о Талсуат Қ-Орда 2-емхана
 

40
 

19
 

5, 20
 

3, 17, 29-30
 

14, 28
 

11, 25
 

9, 22-31
 

9
 

а/о Қосшыңырау Қ-Орда 6-емхана
 

20
 

20
 

6, 23
 

6, 20, 29-30
 

17, 31
 

14, 28
 

9, 22-31
 

10
 

Қалалық емханалардан
 

675
 

21
 

10, 24
 

7, 21, 29-30
 

18
 

1, 15, 29
 

13, 22-31
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады