Біржолғы қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 1075 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 сәуірде N 10-1-174 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 наурыздағы N 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 14.03.2013  N 52 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 баптың 1 тармағының 14) тармақшасы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біржолғы қосымша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне және концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға есептік көрсеткіштің 40 еселенген сомасы мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек жыл сайын берілсін.
      2. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 3232 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлері туралы" қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасының (нормативтік құқықтық актілері тіркеу тізілімінде 10-1-146 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32 шығарылымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы П.Сыздықов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІНІҢ
      МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ                           Е.ТӨРӘЛИЕВ 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады