Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 маусымдағы № 43/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 шілдеде № 10-1-182 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 42/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 16.04.2015 N 42/6 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жыл 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 27.11.2014 № 36/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Салық кодексінің 386-бабының 1-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлеріне жақын жатқан елді мекен ретінде сол жерге шекарасы жағынан ең қысқа қашықтықта орналасқан елді мекен болып танылады деп бекітілсін.

      2. Салық кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлеріне жақын жатқан елді мекен ретінде сол жерге шекарасы жағынан ең қысқа қашықтықта орналасқан елді мекен болып танылады деп бекітілсін.

      3. Салық кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге жер салығының базалық ставкасы:

      1) 1-санаттағы автотұрақтар (паркингтер) жерлеріне – 10 есеге;

      2) 2-санаттағы автотұрақтар (паркингтер) жерлеріне – 8 есеге;

      3) 3-санаттағы автотұрақтар (паркингтер) жерлеріне – 6 есеге жоғарылатып бекітілсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 27.11.2014 № 36/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қалалық мәслихаттың
      кезекті қырық үшінші
      сессиясының төрағасы Ж. ЖАНЗАҚОВ
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
      КЕЛІСІЛДІ
      Қызылорда қаласы бойынша
      салық басқармасының бастығы
      _________________С. Мұстафаев
      "14" маусым 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады