"Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 маусымдағы № 43/5 шешіміне өзерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 36/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 4824 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды Қызылорда қалалық мәслихатының 16.04.2015 № 42/6 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" Қызылорда қаласы мәслихатының 2011 жылғы 14 маусымдағы № 43/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10-1-182 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" 2011 жылғы 5 тамызындағы, "Ел тілегі" 2011 жылғы 5 тамызындағы газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жыл 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      аталған шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.".
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Қызылорда қалалық


      мәслихатының кезектен тыс


      ХХХVІ сессиясының төрағасы

Ш. ӘБДІРАХМАНОВ

      Қызылорда қалалық


      мәслихатының хатшысы

И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      "КЕЛІСІЛДІ"


      "Қазақстан Республикасы Қаржы


      министрлігінің Мемлекеттік
      кірістер


      комитеті Қызылорда облысы бойынша


      Мемлекеттік кірістер
      департаментінің


      Қызылорда қаласы бойынша


      Мемлекеттік кірістер басқармасы"


      Республикалық мемлекеттік


      мекемесінің басшысы


      Қ. Искаков________________


      "27" қараша 2014 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады