Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі N 263 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 28 қазанда N 10-4-159 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 154 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.05.10 N 154 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қазалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ХХХІІ сессиясының N 248 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-4-137 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша тиісті бюджеттен бөлінген қаражаттар шегінде жекелеген санаттағы азаматтарға жылына бір рет әлеуметтік көмек мынадай мөлшерде белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы) - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 1979-1989 жылдары Ауғанстан соғысына және 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі бюджеттік бағдарлама әкімшісі "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.
      3. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Жалғасбай) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті құжаттардың негізінде бөлінген қаражаттарды әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда әлеуметтік көмекті алу үшін ашылған жеке шоттарына аударады.
      4. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта есептеледі.
      5. Әлеуметтік көмек оны алушы қайтыс болған жағдайда немесе қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
      6. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Жалғасбай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                               С. Аманов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады