Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2012.03.07 N 4 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Жаңақорған ауданы бойынша 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу "Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (С. Әлімбетов, келісімі бойынша) сұралсын.
2. Тіркеу жұмысын жүргізу үшін аудандық шақыру учаскесінде тіркеу комиссиясы құрылсын және оның құрамы осы шешімнің қосымшасына сай бекітілсін.
3. Аудандық шақыру учаскесіне есепке тіркеу комиссиясына тіркеу кестесі мен жұмыс барысын және күн тәртібін айқындау ұсынылсын.
4. Кент, ауылдық округ әкімдеріне және "Жаңақорған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С. Айтбаев) аудандық шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы бекіткен кестеге сәйкес азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуге келуін ұйымдастыру тапсырылсын.
5. "Жаңақорған аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорына (Ж. Абдусаметов, келісімі бойынша):
1) Әскери есепке тіркеу үшін шақыру учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен медбикелерді бөлу;
2) Әскери есепке тіркелуге жататын азаматтардың денсаулығын тез арада қайта тексеруге, әрі емделу үшін емдеу мекемелеріне нұсқау беру ұсынылсын.
6. "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М. Ауанов) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, осы мекеменің сұранысына сай есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен қоғамдық жұмысқа адамдар бөлу тапсырылсын.
7. "Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (Ж. Оспанов, келісімі бойынша) тіркеуге алуды жүргізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін және іздеу салу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер бөлу ұсынылсын.
8. Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде
1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы"
N 46 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 8 желтоқсан 2010 жылы N 10-7-19 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 100 санында ресми жарияланған), аудан әкімінің 2011 жылғы 21 ақпандағы "Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде 1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 46 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 53 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 14 наурыз 2011 жылы N 10-7-35 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2011 жылғы 22 наурыздағы N 24-25 санында ресми жарияланған), аудан әкімінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі "Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде 1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 46 шешіміне және 2011 жылғы 21 ақпандағы "Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде 1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 46 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 59 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 21 сәуір 2011 жылы N 10-7-139 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2011 жылғы 3 мамырдағы N 37 санында ресми жарияланған) күші жойылсын.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов
Аудан әкімінің 2011 жылғы
"20" желтоқсандағы N 67
шешіміне қосымша
Аудандық әскерге шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша).
Нәрзілдаұлы Қуаныш – аудан әкімі аппаратының заңгер-маманы, комиссия төрағасының орынбасары.
комиссия мүшелері:
Жақсыбеков Ерзақ – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша),
Қаратаева Алғатай Әбітайқызы – аудандық емхананың терапия бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша),
Раева Эльмира – аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).