Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде 1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 46 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 ақпандағы N 53 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 14 наурызда N 10-7-135 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.12.20 N 67 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес және Қызылорда облысының Әділет департаментінің 24 қаңтар 2011 жылғы N 2/297 санды ұсынысы мен 2011 жылғы 9 ақпандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде 1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 46 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 8 желтоқсан 2010 жылы N 10-7-119 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 100 санында ресми жарияланған) тақырыбы "Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке алу жұмыстарын жүргізу туралы" болып өзгертілсін және шешімнің бүкіл мәтініндегі "1994 жылы туылғандар мен бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды" деген сөздер, "тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2011.04.05 N 59 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енеді).
      2. Осы шешімнің 6-шы тармағындағы "шақыру бөлімшесін қажетті дәрі-дәрмектерімен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы N 100 бұйрығына сәйкес қамтамасыз ету сұралсын" деген 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енеді.

      Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады