Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.12.20 N 67 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес және Қызылорда горнизонының әскери прокуратурасының 2011 жылғы 25 наурыздағы N 20-11-517-11 санды наразылығының негізінде ШЕШЕМІН:
1. Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде
1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы"
N 46 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 8 желтоқсан 2010 жылы N 10-7-119 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 100 санында ресми жарияланған) бірінші тармағы "1. Жаңақорған ауданы бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін", болып өзгертілсін.
2. Аудан әкімінің 2011 жылғы 21 ақпандағы "Аудан әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы "Аудан көлемінде 1994 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 46 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 53 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 14 наурыз 2011 жылы N 10-7-135 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2011 жылғы 22 наурыздағы N 24-25 санында ресми жарияланған) "он жеті жасқа толатын азаматтарды" деген сөздер "тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енеді.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов