«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Жаңаөзен қаласында, Теңге, Қызылсай селоларында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасының Президентінің сайлау бойынша үгіт насихаттың баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы» Жаңаөзен қала әкімиятының 2005 жылғы 13 қазандағы № 1318 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-11 тіркелген, 2005 жылғы 3 қарашадағы № 45 /1225/ «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ж. Айсабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О. Сарбөпеев
Келісілді:
Б. Базылов
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы
2011 жылғы 02 наурыз № 63
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына
қосымша
Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай селоларында сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ |
Материалдарды орналастыру үшін объектінің атауы |
Орналастыру орны |
Ескертпе |
1 |
Тақталар |
Маңғыстау көшесі |
«Өркен» ш/а № 20 үйінің сол жағынан 40 метр қашықтықта |
Қашаған көшесі |
№ 5 гимназия мектебінің оң жағынан 110 метр қашықтықта |
||
Сатпаев көшесі |
«Тәуелсіздік» алаңының алдынан 20 метр қашықтықта |
||
«Шаңырақ» ш/а № 27 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта |
|||
Қосқұлақов көшесі |
№ 11/26 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта |
||
Бейбітшілік көшесі |
«Мұнайшы» мәдениет үйі ғимаратының сол жағынан 30 метр қашықтықта |
||
Теңге селосы |
«Болашақ» дүкенінің алдынан 40 метр қашықтықта |
||
Қызылсай селосы |
№ 4 орта мектебінің алдынан 200 метр қашықтықта |
||
«Ақсу» ш/ауданы |
№ 18 орта мектебінің алдынан 40 метр қашықтықта |
||
«Бостандық» ш/ауданы |
«Нефтебаза» ЖШС-нің ЖЖМС ғимаратының сол жағынан 180 метр қашықтықта |
||
2 |
Тұғырлықтар |
«Атлант» сауда үйі |
«Атлант» сауда үйінің сол жағынан 25 метр қашықтықта |
Қалалық перзентхана |
Қалалық перзентхана ғимаратының сол жағынан 20 метр қашықтықта |