Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 27 Қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 ақпанда № 11-3-113 тіркелді. Күші жойылды - Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 84 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012.06.14  № 84 Қаулысымен.

      1. Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11-3-77, «Рауан» газетінің 2009 жылғы 4 маусымындағы № 23 санында ресми жарияланған, аудандық әкімдіктің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11-3-97, «Рауан» газетінің 2010 жылғы 18 ақпанындағы № 7 санында ресми жарияланған 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 18 «Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 84 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралары туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. «Жастар іс - тәжірибесін» қаржыландыру 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасы және 022 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы есебінен жүргізіледі. Уәкілетті орган «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларға нақты жұмыс атқарған уақыты үшін 26000 (жиырма алты мың) теңге көлемінде жалақысын ай сайын олардың есеп шотына аударады»;
      қаулының қосымшасымен бекітілген Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде:
      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған адамдардың еңбегіне ақы төлеу 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасы және 022 ««Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы есебінен қаржыландырылады».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                       Қ.Әбілшеев

      А.Ұлұқбанов
      Ү.Әмірханова
      Қ.Бөлтеков
      М.Көбеген
      Қ.Жарасбаева
      дайынд.:Б.Өмірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады