"Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 72 "Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 88 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 06 мамырда № 11-5-114 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырағы № 92 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2012.05.07  № 92 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 72 «Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына (2010 жылы 18 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11-5-99 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 26 (97-85) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      қаулының тақырыбындағы «ай сайынғы қосымша ақы» деген сөздер тиісінше «Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмек» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қаулының бірінші абзацындағы «және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 19/197 шешімін (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 11-5-91 болып тіркелген) орындау мақсатында» деген сөздер алынып тасталсын;
      қаулының 1 - тармағындағы «ай сайын қосымша ақы», 2 - тармағындағы «ай сайынғы қосымша ақы», 3 - тармағындағы «қосымша ақы», 4 - тармағындағы «қосымша ақының ай сайынғы» деген сөздер тиісінше «Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмек» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың тақырыбындағы «ай сайынғы қосымша ақы» деген сөздер «Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмек» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша «ай сайынғы қосымша ақы», «қосымша ақыларды», «қосымша ақы», «қосымша ақыны», «қосымша ақы ай сайын», «қосымша ақылар», «қосымша ақылардың» деген сөздер тиісінше «Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмек», «Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмекті», «Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмектің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2.Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңовқа жүктелсін.
      3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Қ.Боқанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      12 сәуір 2011 жыл

      «Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығының м.а.
      Ұзақбай Әсемгүл Жылқыбекқызы
      12 сәуір 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады