Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 418 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 шілдеде № 9-1-168 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.03.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1."Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-122 тіркелген, 2009 жылдың 9 сәуірінде № 29 "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, № 5 сайлау
округі бойынша депутаты
Н. Чиченкова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігі Салық

      комитетінің Қостанай облысы

      бойынша салық департаментінің

      Қостанай қаласы бойынша

      салық басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      _______________ Е. Бексейітов

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      _______________ Н.Дорошок

  Мәслихаттың
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 418 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2009 жылғы 2 ақпандағы
№ 162 шешіміне қосымша

Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

ойын жолы

41

5

карт

2

6

бильярд үстелі

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады