Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 наурыздағы № 237 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 наурызда № 9-2-180 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы аппаратының әкімінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 05-07/2703 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы аппаратының әкімінің 2011.10.19 № 05-07/2703 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1)-тармақшасына, "Рудный қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" Рудный қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 392, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-175 шешіміне сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің мынадай түрлері белгіленсін:
      1) табысына қарамастан, оперативтік емдеуге арналған нақты шығындар бойынша, бірақ 50 ең төменгі есептік көрсеткіштерден артық емес барлық топтардағы мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек;
      2) өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен тұлғаларға (отбасыларға) тұрмыстық қажеттіліктерге 15 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      3) аз қамтамасыз етілген отбасыларға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 15 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек. Бала қайтыс болған күнде ата-анасының біреуі немесе баланың басқа заңды өкілі жұмыссыз ретінде "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган) тіркелген болса әлеуметтік көмек өтініш иесіне тағайындалады және төленеді;
      4) өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғаларға (отбасыларға) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге 20 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай 5 мың теңге мөлшердегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      6) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай 2 мың теңге мөлшердегі біржолғы әлеуметтік көмек;
      7) мемлекеттік білім беретін гранттар иегерлері, білім ұйымдарында оқу төлеміне бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа төлемдерді алушылар болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарында оқитын, өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға оқудың жылдық құны мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. Осы әлеуметтік көмектің төлемі жыл бойы екі бөлікпен жүргізілсін.
      8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге 12 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
      9) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына тұрмыстық қажеттіліктерге 7,5 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, әлеуметтік көмекке өтініш білдірген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеру жөніндегі уәкілетті орган "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес осы қаулымен көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттардың тізбесі белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмек:
      1) біржолғы - өтініш білдірген айдан, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады;
      2) тоқсан сайынғы - өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады.
      5. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып уәкілетті орган шығарады.
      Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып уәкілетті орган өтiнiш келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде шығарады.
      6. Әлеуметтік көмекті төлеу төлем шоттың негізінде, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады. Төлем шоты уәкілетті органмен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім шығару күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде беріледі.
      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған сомалар шегінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекеттерге таратылады.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Әкімдіктің        
2011 жылғы 5 наурыздағы  
№ 237 қаулысына 1-қосымша 

Осы қаулымен көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау
үшін құжаттардың тізбесі

      1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлерін тағайындау үшін:
      1) өтініш;
      2) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      5) кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш иесі үшін – аталған мәртебенің бар екендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) өтініш иесінде ағымдағы шоттың бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін тағайындау үшін мыналар қоса беріледі:
      1) табысына қарамастан, оперативтік емдеуге барлық топтардағы мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
      емдеуге арналған шығындарын растайтын құжаттар;
      2) өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғаларға (отбасыларға) тұрмыстық қажеттілікке біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      тұлғаның (отбасының) өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтер (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
      3) аз қамтамасыз етілген отбасыларға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      тұлғаның (отбасының) өтініш білдіру тоқсанның алдындағы тоқсаны үшін табысы туралы мәліметтер (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
      қайтыс болуы туралы анықтама;
      4) өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғаларға (отбасыларға) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      тұлғаның (отбасының) өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтер (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
      қайтыс болуы туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органнан қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаның, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғаның мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарында оқитын, өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жастарға әлеуметтік көмек үшін:
      өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтері (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
      оқу фактісін және құнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      оқуға төлемін растайтын құжаттың көшірмесі (оқуға төлегеннен кейін беріледі);
      8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
      Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      9) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына тұрмыстық қажеттіліктерге тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
      3. Құжаттар көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқалармен бірге беріледі. Салыстыру құжаттарды ұсынған күні жүргізіледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.

Әкімдіктің        
2011 жылғы 5 наурыздағы  
№ 237 қаулысына 2-қосымша 

      Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім _____________________________________________________________
(әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша уәкілетті органның атауы)

      Әлеуметтік көмекті көрсету жөнінде қалалық консультациялық - кеңесші ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, 2011 жылғы "      "             №        хаттамасы, әлеуметтік көмек _______________________________________________________ тағайындалсын        (өтініш иесінің аты, әкесінің аты, тегі)

____________________________________________________________________                      (әлеуметтік көмектің түрі) _____________________________________________________________________

2011 жылғы "____" ______________ 2011 жылғы "____" ____________ дейін мөлшері       

      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылсын _____________________________________________________                            (бас тартудың себебін дәлелдеу) ____________________________________________________________________

Шешімді қабылдау күні 2011 жылғы "______"________________

Бастық _______________________ _____________________                                (аты-жөні)              (қолы)

М.О.

      Шешімді дайындаған ___________ _________ _____________                                     (лауазымы) (аты-жөні) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады