Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 13.02.2018 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-113 санымен тіркелген, 2009 жылғы 28 тамызда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арқалық қалалық мәслихатының | |
кезекті XVIII сессиясының | |
төрағасы | Н.Хамзин |
Арқалық қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ.Ағуанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы қаржы | |
Министрлігінің салық комитеті | |
Қостанай облысы бойынша салық | |
Департаментінің Арқалық қаласы | |
бойынша салық басқармасы" | |
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы | |
_____________________ Б.Алмағамбетов |
Мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 393 шешiмiне қосымша Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 шешiмiне қосымша |
Арқалық қаласының әкімшілік аумағында қызметін
жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына
салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай
тіркелген салық ставкалары
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бильярд үстелі | 10 |
2 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
3 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
4 | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
5 | Ойын жолы | 20 |
6 | Карт | 6 |