Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 159 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 сәуірде № 9-4-182 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің аппарат 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 13-1-14 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің аппарат 2012.01.06 № 13-1-14 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1923-баптарына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар мерзімді әскери қызметке 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кезекті шақыру бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері шақырушыларды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызметті өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
      2) шақырушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және шығару кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С.Сапароваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі                    В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының ішкі
      істер департаменті Қостанай
      облысы Лисаков қаласының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ Т. Айсин

      "Қостанай облысы Лисаков
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ___________ А. Никифоров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады