"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдем беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары А.В. Кириченкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов
Әкімдіктің
2011 жылғы 15 ақпандағы
№ 35 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған Алтынсарин ауданының
әкімшілік аумағында тұратын халықтың
нысаналы топтары
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
13. Орта білімнен кейінгі және кәсіптік, техникалық ұйымдарын бітірушілер.
14. Үш және одан көп ай кіріс әкелетін жұмыс түрімен айналыспайтын, еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз адамдар.