Бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 159 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 маусымда № 9-5-124 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 88 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 24.04.2014 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына238 бабының 3 тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бюджеттік қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Пероваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________ Т. Кұлмағамбетов

Әкімдіктің       
2011 жылғы 23 мамырда  
№ 159 қаулысына қосымша 

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде
жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар
мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамтамасыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      3) интернат меңгерушісі;
      4) барлық мамандықтардың мұғалімдері;
      5) мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
      6) әлеуметтік педагог;
      7) педагог-ұйымдастырушы;
      8) қосымша білім беруші педагогі;
      9) педагог-психолог;
      10) аға вожатый;
      11) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      12) музыкалық жетекші;
      13) әдіскер;
      14) медбике;
      15) кітапханашы;
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекемесінің басшысы және қазынашылық кәсіпорынның;
      2) сектор меңгерушісі;
      3) барлық атаудағы суретші;
      4) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер;
      5) көркем жетекшісі;
      6) музыкалық басшы;
      7) барлық мамандықтардың инженері, инспектор;
      8) аккомпаниатор;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) оператор;
      11) кітапханашы;
      12) библиограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады