Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 04.08.2015 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 04.08.2015 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Әкімдіктің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 159 "Бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-5-124 тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымдағы "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин | |
ауданының әкімі | Б. Ахметов |
КЕЛІСІЛДІ
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы
________ Б. Есмұханов
2014 жылғы 24 сәуірдегі әкімдіктің № 88 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 04.08.2015 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) жұмыспен қамту орталығының маманы;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік мекемесі және қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;
3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
4) интернат меңгерушісі;
5) барлық мамандықтар мұғалімдері;
6) әлеуметтік педагог;
7) ұйымдастырушы-педагог;
8) аккомпаниатор;
9) психолог;
10) аға жетекші;
11) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
12) музыкалық жетекші;
13) әдіскер;
14) логопед;
15) репетитор;
16) хореограф;
17) аудармашы;
18) медициналық бике;
19) емдәм бикесі;
20) шебер;
21) жаттықтырушы;
22) кітапханашы;
23) зертханашы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) сектор меңгерушісі;
4) библиограф;
5) мәдени шараларды ұйымдастырушы;
6) оператор;
7) әдіскер;
8) аккомпаниатор;
9) режиссер;
10) барлық атаудағы суретші;
11) аудармашы;
12) көркемдік жетекші;
13) музыкалық жетекші;
14) барлық мамандықтар инженері, инспектор;
15) кітапханашы;
16) бағдарламашы.
4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринарлық дәрігер;
2) ветеринарлық фельдшер.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) медициналық бике;
4) нұсқаушы;
5) әдістемеші;
6) жаттықтырушы.