Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2011.10.19 № 290 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 % - ы мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрағасы Қ. Таубаев
Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Оташев
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Е. Ещанов
18 ақпан 2011 жыл
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Т. Карбозов
18 ақпан 2011 жыл