Мәслихаттың 2011 жылғы 18 ақпандағы № 245 "Ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2011 жылғы 19 қазандағы № 290 шешімі. Қостанай облысы Амангелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қарашада № 9-6-133 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 245 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-124 нөмірімен тіркелген, 2011 жылы 4 сәуірде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы               Б. Дәуітбаев

      Аманкелді аудандық
      мәслихаты хатшысының
      уақытша міндетін атқарушы                  Ж. Олжағұлова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді ауданының
      кәсіпкерлік және ауыл
      шаруашылығы бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ Е. Ещанов
      19 қазан 2011 жыл

      "Аманкелді ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Т.Карбозов
      19 қазан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады