Ескерту. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.04.10 № 09-04/568 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 5)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасы ережесінің 10-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2011 жылы Қарасу ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін:
1) дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
2) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;
3) бір жылдық шөптер 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
4) көпжылдық шөптер 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
5) жүгері 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
6) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
7) көкөніс дақылдар 10 мамырдан бастап 10 маусымға дейін.
2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2011 жылғы 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін деп белгіленсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________ Е. Балжақаев