Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 80 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 сәуірде № 9-15-147 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыру учаскелерінде және аудандық жиналатын пунктте жұмыс істеуге жіберілген шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың осы міндеттерді орындаған уақытында жұмыс орны, атқарған лауазымы және жалақысы сақталатыны назарға алынсын.
      3. Боровской селосы және селолық округтер әкімдері:
      шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде шақыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұсынамыз.
      5. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыруды өткізу кезеңіне техникалық жұмыскердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсынамыз.
      6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді ұсынамыз.
      7. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Меңдіқара ауданының әкімі                  Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы Меңдіқара
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ В. Антипов

      Қазақстан Республикасы
      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау
      басқармасының "Меңдіқара
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас
      дәрігері
      ________________ Д. Ахметов

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының ішкі істер
      департаменті Меңдіқара
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Н. Досымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады