Мендіқара ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 290 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 қарашада № 9-15-156 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 26.03.2012 № 119 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меңдіқара ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің қоса ұсынылған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Тұрағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Жақыпов

Әкімдіктің        
2011 жылғы 5 қазандағы  
№ 290 қаулысымен бекітілген

Меңдіқара ауданы бойынша жекешелендіруге
жататын аудандық коммуналдық меншік
объектілерінің тізбесі

Реттік
саны

Объектінің
атауы

Объектінің
мекен-жайы
және баланс
ұстаушысы

Негізі

1

"Dodge Durando"
автокөлігі,
мемлекеттік
нөмірі Р 024 АА,
2004 жылы
шығарылған

Меңдіқара ауданы
Боровской селосы
Королев көшесі,
5, "Меңдіқара
ауданының әкім
аппараты" ММ

Аудан әкімі
аппараты
басшысының
28.09.2011
жылғы
№ 06-53/1026
хаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады