Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" N 103/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 157/5 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 сәуірде N 12-6-111 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақта:
      1)-тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күні қарсаңында - 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;";
      16)-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Чернобыль АЭС-дағы апатты еске алу Күні қарсаңында - 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады