Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 103/4 "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
1)-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"деректі шығындар мөлшерінде электр жылуын орнату үшін бір жолғы материалдық көмек;";
34)-тармақшадағы "22000" деген сандар "28200" деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"шығыстар сметасы мен атқарылған жұмыстар актісі;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына (Кималиденов Қ.Б.) жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Шугаев