Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XXVII сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "Тіркелген жиынтық салықтың базалық мөлшерлемелерін бекіту туралы" N 2/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 6/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 сәуірде N 12-8-107 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы N 8/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 17.06.2013 N 8/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабы 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XXVII сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "Тіркелген жиынтық салықтың базалық мөлшерлемелерін бекіту туралы" N 2/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-8-99 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 ақпандағы N 9 "Заря" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы мынадай атауымен ауыстырылсын: "Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерін бекіту туралы";
      көрсетілген шешімдегі "Салық салу объектілеріне қосымшаға сәйкес тіркелген жиынтық салықтың базалық мөлшерлемелері бекітілсін" 1-тармағы "Салық салу объектілеріне қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері бекітілсін" деген жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Баяндинов

      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады