Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 17.06.2013 N 8/14 шешімімен.
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 6/30 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы "Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабы 2)-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу объектілеріне қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 6/30 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың (ІІІ сайланған ХХҮІ кезекті сессиясы) 2006 жылғы 21 желтоқсандағы "Тіркелген жиынтық салықтың базалық мөлшерлемелерін бекіту туралы" N 7/26 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы В. Бабий
Качир аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов
IY сайланған аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
XХYІІ кезекті сессиясының
N 2/27 шешіміне
қосымша
Р/с N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемер өлшемілері (айлық есептік көрсеткіштерде) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
5 |
2 |
Бір ойыншыдан артық қатысуға болатын ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
10 |
3 |
Ойын жүргізуге жұмсалатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
20 |
5 |
Карт |
10 |
6 |
Бильярд үстелі |
10 |