Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының, 7 бабының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорындар және ұйымдармен (келісім бойынша) келісім шарт бойынша аудандағы жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
2. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес сұраныс, ұсыныс және қаржыландыру көздері, ұйымдар тізбесі бекітілсін, атқарылған жұмыстар көлемі келісім шарттарда қарастырылсын.
3. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстың барлық түрлері бекітілсін.
4. Дәрігерлік-ұжымдық комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеу қойылған, 3 топтағы мүгедектер есебіндегі жұмыссыздар денсаулық жағдайына сәйкес медицина мекемелері ұсынған жұмыс түрлеріне қоғамдық жұмыстарға жіберілсін.
5. Қоғамдық жұмысқа тартылғандарға республика бойынша бекітілген ең төменгі айлық мөлшерінде еңбек ақы белгіленсін.
6. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмысты аудандық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды өз уақытында қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюповаға жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов
Успен ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 ақпандағы N 57/2 қаулысына
1 қосымша
Мекемелер тізімі, сұраным, ұсыныс және қаржыландыру көздері
N р/с | Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер атауы | сұраным (берілген қажеттілік) | ұсыныс (бекітілген) | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|
1 |
"Успен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
50 |
50 |
Аудандық бюджет |
2 |
"Қаратай ауылының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
3 |
"Богатырь ауылының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
4 |
"Лозов ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
3 |
Аудандық бюджет |
5 |
"Ковалев ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
6 |
"Қозыкеткен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
7 |
"Ольгин ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
8 |
"Тимирязево ауылының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
9 |
"Равнополь ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
10 |
10 |
Аудандық бюджет |
10 |
"Надаровка ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
11 |
"Қонырөзек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
5 |
Аудандық бюджет |
12 |
"Тобылжан ауылының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
13 |
"Новопокровка ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
4 |
Аудандық бюджет |
Аудан бойынша жиынтығы |
100 |
100 |
Успен ауданы әкімдігінің
2011 жылға 14 ақпандағы N 57/2 қаулысына
2 қосымша
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Қоныстанған аумақ пунктерінде қолмен жинау жұмыстары; көне құрылымдарды бұзу, қоқым жүк тиеу, автожолдардың құламаларында шөптерді және бұталарды шауып алу, қардың және қарлы борасындардың тазалауы, тайғақпен күрес.
2. Жолдарды салу және шұңқырларды жөндеу, су құбырларын, канализациялық коммуникацияны өткізуге, көктемгі кәріз жұмыстарына көмек көрсету (арнаулы біліктілігінің барлығы талап етілмейтін).
3. Мәдениетті және тарихи ескірткіштерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына көмек көрсету (арнаулы біліктілігінің барлығы талап етілмейтін).
4. Ауылдық қоныстанған пунктердің экологиялық жақсартуы (сәулеттендіру және көгалдандыру).
5. Мәдениетті шаралардың өткізуінде көмек (спорттық жарыстар, фестивалдер). Еңбекшілердің қысқы және жазғы бос уақытын ұйымдастыру; шаңғы жолдарын құру, қысқы қалашықтар, балаларға арналған спорттық жазғы алаңдар.
6. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуде көмек (қоғамдық пікір-сұрақ, халық санағына қатысу, мүлік ресмиделуде көмек).
7. Учаскелік комиссияға үйлерді аралап шығуда көмек көрсету.
8. Жалғызбасты қарттарға және ауру мүгедектерге отын дайындауда, көмір түсіруде, тиеуде көмек.
9. Мәдениетті-әлеуметтік және қоғамдық ұйымдарда ошақтардың от жағушылары.