Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселері туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 2/215 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 сәуірде N 887 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 1/94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 1/94 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 41 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы» бұйрығына және IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы XXXIV сессиясының № 374 «2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» шешімін орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына 2011 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 18,0 (он сегіз) миллион теңге қаражат есебінен қамтамасыз етілсін.
      2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу қызметтерін көрсетуді;
      2) аталған топтағы тұлғаларға көрсетілетін стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу көлемінің орындалуы мен сапасын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 1/161 «Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселері туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                    А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады