Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 1/94 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 наурызда N 922 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы N 1/150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013.03.06 N 1/150 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 41 "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы" бұйрығына және IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы XXXХХ сессиясының № 490 "2012-2014 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2011 жылғы 23 желтоқсанда тiркелген № 909) шешімін орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларды стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына 2012 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қамтамасыз етілсін.
      2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу қызметтерін көрсетсін;
      2) аталған топтағы тұлғаларға көрсетілетін стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу көлемінің орындалуы мен сапасын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерiне, сонымен қатар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудiң кейбiр мәселерi туралы" 2011 жылғы 11 сәуiрдегi № 2/215 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде тiркелген № 887, 2011 жылғы 21 сәуiрде "Вечерний Алматы" № 52 және "Алматы ақшамы" № 49 газеттерiнде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                      А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады