"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 3 тамыздағы N 186 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 2 қыркүйекте N 13-2-138 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 78 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізімдемесінде 2011 жылғы 04 сәуір № 13-2-129 тіркелді және «Колос» газетінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 16, «Аққайың» газетінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 16 жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына келісті жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік және шұғыл мәселелер жөніндігі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Елубаев

      КЕЛІСІЛДІ
      «Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің «Аққайың аудандық
      орталық аурухана» коммуналдық
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Т.С. Күсемісов

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер департаментінің
      Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Ә. Жахин

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.В. Гриб

Аққайың ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 3 тамыздағы
№ 186 қаулысына
қосымша

Аққайың ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 78 қаулысына
қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Гриб Виталий Владимирович

- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)

Скрипко Владимир Михайлович

- «Аққайың ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің шұғыл мәселелер, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, төрағаның орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Шайкенов Алмат Темірбайұлы

- «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары (келiсiм бойынша)

Құнанбаева Қайныл Шайхымқызы

- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша)

Байбатырова Айнаш Нұрланқызы

- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады