2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 78 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 4 сәуірде N 13-2-129 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына, 23-бабының 1-тармағына44-бабына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығы, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, жиырма жеті жасқа толмаған оқу орындарынан шығарылған шақырылу бойынша әскери қызметтің орнатылған мерзімдерін атқармаған он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер азаматтарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Ішкі әскерлерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясын, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша Министрлігін толықтыру үшін, қажет санда 2011 жылы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес құрамда шақыруды өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Селолық округ әкімдері шақырылушылардың медициналық куәландырудан өту үшін жеткізілуін және әскери қызметін өтеу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін ұсынылсын:
      аудандық орталық ауруханада орындар қарастырсын: терапевтік бөлімде – 10 орын, хирургия бөлімінде - 4 орын;
      комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен, медициналық қызметкерлермен толықтырсын, сондай-ақ мүлікпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;
      рентген кабинетінің, функционалды диагностика кабинетінің, анализ тапсыру зертханаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
      5. «Аққайың аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша шараларға шығыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен арнайы бөлінген қаржы шегінде уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      6. Аудан әкімі аппаратының басшысы шақыруды өткізу мерзіміне шақыруды материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін техникалық жұмысшылардың 2 штаттық бірлігін (іс жүргізушілер) жұмысқа қабылдасын, шақырылушыларды тасымалдау үшін көлік жалдасын.
      7. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу бойынша облыстық жинау пунктіне жеткізуді қамтамасыз етуі ұсынылсын.
      8. «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Аққайың аудан әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде № 13-2-116 тіркелді және 2010 жылғы «06» мамырда «Аққайың» № 13 және «Колос» № 18 газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Нәсиге жүктелсін.
      10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Аққайың ауданының әкімі                    Р. Елубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігінің
      «Аққайың аудандық орталық аурухана»
      коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                 Т.С. Күсемісов

      «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі
      істер департаментінің Аққайың
      аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Ә. Жахин

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.В. Гриб

Аққайың ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 78 қаулысына
қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011.08.03 N 186 Қаулысымен

Гриб Виталий Владимирович

- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)

Скрипко Владимир Михайлович

- «Аққайың ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің шұғыл мәселелер, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, төрағаның орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Шайкенов Алмат Темірбайұлы

- «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары (келiсiм бойынша)

Құнанбаева Қайныл Шайхымқызы

- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша)

Байбатырова Айнаш Нұрланқызы

- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады