Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.08.29 N 02.04.05-05-11/531 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңының 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 4 мамырда № 13-6-166 тіркелген, «Ишим» газетінде 2011 жылғы 6 мамырда № 21 (8540), «Есіл таңы» газетінде 2011 жылғы 6 мамырда № 19 (259) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
«Жаздық бидай, орташа кеш, орташа пісіп жетілетін» жолында «Ауыл шаруашылық дақылдарын егуді жүргізудің оңтайлы мерзімдері» бағанында «17 мамырдан 30 мамырға дейін» сөздері «17 мамырдан 4 маусымға дейін» сөздерімен ауыстырылсын;
«Жаздық бидай, орташа ерте» жолында «Ауыл шаруашылық дақылдарын егуді жүргізудің оңтайлы мерзімдері» бағанында «28 мамырдан 3 маусымға дейін» сөздері «28 мамырдан 8 маусымға дейін» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Шұнғұлшинға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі А. Бегманов