2010 жылғы 1 наурыздағы N 22/3 "Қызылжар ауданының санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 33/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде N 13-8-143 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7/5 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7/5 Шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 01 наурыздағы № 22/3 «Қызылжар ауданының санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін, (2010 жылғы 31 наурыздағы № 13-8-120 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 01 сәуірдегі № 14 «Қызылжар» газетінде, 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 15 «Маяк» газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 01 наурыздағы № 22/3 «Қызылжар ауданының санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 09 маусымдағы № 25/5 шешімін нақтылауын есепке алумен (2010 жылғы 14 шілдедегі № 13-8-130 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 шілдедегі № 31 «Қызылжар» газетінде, 2010 жылғы 23 шілдедегі № 30 «Маяк» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақта, төртінші абзацта «барлық топтағы мүгедектері» сөзі алып тасталсын.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде күшіне енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      В. Осуфьев                                 А. Молдахметова

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Қызылжар аудандық
      қаржы бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесi бастығының м.а.                   Л. Киселева

      «Қызылжар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы                        Н.Сұлтанғазин

      «Қызылжар аудандық
      экономика және бюджеттiк
      жоспарлау бөлiмi»
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы            А.Фролова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады