Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 25.02.2019 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес және Прибрежное ауылының тұрғындарының пікірлерін есепке ала отыра, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Қызылжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен өз күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 02 қарашадағы № 80 шешіміне Қосымша |
Прибрежное ауылының көшелерінің атаулары
Бірінші көше- Ағынтай батыр көшесі
Екінші көше- Жамбыл көшесі
Үшінші көше- Жаңажол көшесі
Төртінші көше- Жастар көшесі
Бесінші қөше- Шағын көшесі
Алтыншы көше- Совет көшесі
Жетінші көше- Бостандық көшесі
Сегізінші көше- Достық көшесі
Тоғызыншы көше- Л.Ш. Шәймергенов көшесі
Оныншы көше- Интернационал көшесі
Он бірінші көше- Еңбек көшесі
Он екінші көше- Наурыз көшесі
Он үшінші көше- М. Жұмабаев көшесі
Он төртінші көше-Саясат көшесі
Он бесінші көше- Н.И. Токарев көшесі
Он алтыншы көше-Есіл көшесі
Он жетінші көше- Дербес көшесі