Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабына сәйкес, Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный селолық округі әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное селосының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 2 қарашадағы № 80 шешіміне (2011 жылғы 2 желтоқсанда "Маяк" және "Қызылжар" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-153 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Прибрежный ауылдық округінің әкімі |
Д. Закирин |