Шақыру учаскесіне 1995 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуін Тимирязев ауданының аймағында ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 9 желтоқсанда N 13-12-138 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2012 жылғы 25 мамырдағы N 15 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2012.05.25 N 15 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Шақыру учаскесіне тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуін Тимирязев ауданының аймағында 2012 жылғы қаңтар-наурызда өткізуін жергілікті әскери басқару органдары (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. «Тимирязев ауданының шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды тіркеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 38 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 13-12-117 тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 «Көтерілген тың», 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ә. Жантоковқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тимирязев ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               А.П. Дурманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады