Аудан аймағында 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 80 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 сәуірде N 13-13-137 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.12.06-09/233 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.12.06-09/233 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 13-тармақтарына, 21-бабының 1-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аймағында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген Қазақстан Республикасының азаматтары 2011 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
      2. Кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін осы қаулының № 1, 2-қосымшаларына сәйкес аудандық шақыру комиссиясы резервті құраммен құрылсын.
      3. Ауылдық (селолық) округ әкімдері азаматтарын шақыру учаскесіне уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Иманов Т.Т.) (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде:
      1) дәрігер мамандар және кіші медперсоналды медициналық куәландыру өткізу үшін қамтамасыз етсін;
      2) дәрігерлік комиссия өтетін уақытта флюорография қондырғысы жұмысқа қамтамасыз етілсін;
      3) шақыру комиссиясы құжаттары бойынша жіберген азаматтарға дәрігерлік куәландыру үшін ауруханада 10 төсек - орын белгіленсін.
      5. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жомартов И.Қ.) (келісім бойынша):
      1)әскери қызметтен және әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған азаматтарды iздестiруді және шақыру учаскесіне әкелуін қамтамасыз етсін;
      2) шақыру учаскесінде тәртіп сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция инспекторларын бөлсін;
      3) жиналатын орынға және облыстық жиналатын пунктке дейін азаматтарының келуіне сүйемелдеуін қамтамасыз етсін.
      6. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Көрпебаева К.Б.) қаржыландыру жоспары бойынша мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу үшін уақтылы қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
      7. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Күйікбаев С.Б.) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезіңде материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 3 бірліктегі іс жүргізушілерді жұмысқа қабылдасын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Н. Жолдыбаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

Келісілді:

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
      сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан
      облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық
      орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері:       Т.Т. Иманов

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:           И.Қ. Жомартов

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:           К.Б. Көрпебаева

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы:                                   Қ.Ж. Омаров

«Бекітілген»
Аудан әкімдігінің
2011 ж. 24 наурыздағы
№ 80 қаулысына
№ 1-қосымша

Аудандық шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ

      Омаров -                 шақыру комиссияның төрағасы,
      Қанат Жанабайұлы         «Солтүстік Қазақстан облысы
                               Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
                               жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
                               мекемесінің бастығы
      Жолдыбаев -              шақыру комиссия төрағасының
      Бауыржан Нәбиұлы         орынбасары, Солтүстік Қазақстан
                               облысының Уәлиханов ауданы әкімінің
                               орынбасары
      Комиссия мүшелері:

      Сыздықов -               «Солтүстік Қазақстан облысы
      Шоқан Сапарханұлы        Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімі»
                               мемлекеттік мекемесі бастығының
                               орынбасары
      Хасенова -               «Қазақстан Республикасы денсаулық
      Алма Ешімқызы            сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан
                               облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық
                               орталық ауруханасы» коммуналдық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               бас дәрігерінің орынбасары,
                               медициналық комиссиясының төрайымы
      Утекина -                комиссияның хатшысы,
      Қымбат Өмірбекқызы       «Қазақстан Республикасы денсаулық
                               сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан
                               облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық
                               орталық ауруханасы» коммуналдық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               туберкулезге қарсы бөлімшесінің
                               медбикесі

«Бекітілген»
Аудан әкімдігінің
2011 ж. 24 наурыздағы
№ 80 қаулысына
№ 2-қосымша

Аудандық шақыру комиссияның резервтік ҚҰРАМЫ

      Байсалдин -              комиссияның төрағасы, «Солтүстік
      Руслан Болатұлы          Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
                               Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
                               мемлекеттік мекемесінің бастығының
                               орынбасары – жұмылдыру даярлығы және
                               аумақтық бөлімшесінің бастығы
      Аққожина -               комиссия төрағасының орынбасары,
      Нәжиба Рашидқызы         Солтүстік Қазақстан облысының
                               Уәлиханов ауданының ішкі саясат
                               бөлімінің бастығы
      Комиссия мүшелері:

      Жомартов -               «Солтүстік Қазақстан облысы
      Имамбай Қапышұлы         Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімі»
                               мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Каженова -               «Қазақстан Республикасы денсаулық
      Зейнеп Қойшыбекқызы      сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан
                               облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық
                               орталық ауруханасы» коммуналдық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               терапевт дәрігері, медициналық
                               комиссияның төрайымы
      Жаркина -                комиссияның хатшысы,
      Әлия Кабиқызы            «Қазақстан Республикасы денсаулық
                               сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан
                               облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық
                               орталық ауруханасы» коммуналдық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               поликлиникасының медбикесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады