2012 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 4-37с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қаңтарда N 13-13-154 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы N 5-5с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2012.08.08 N 5-5с Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 8-тармағына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Уәлиханов ауданының елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, тұрғын үй сатып алу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ 1500 (бір мың бес жүз) еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Уәлиханов ауданының елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, өтініш берген сәтінде 70 (жетпіс) еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.
      3. "Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ-і ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың

      
       хатшысы

С. Ыдырысов
Ә. Бейсенбаев
КЕЛІСІЛГЕН:
 
"Уәлиханов ауданының
 
ауыл шаруашылығы және
 
ветеринария бөлімі"
 
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н. Иманов
"Уәлиханов ауданының
 
экономика және бюджеттік
 
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
Ж. Ғабдуллин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады