"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ 1500 (бір мың бес жүз) еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. 2012 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына, өтініш берген сәтінде 70 (жетпіс) еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.
3. Аудандық мәслихаттың "2012 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 4-37с (2012 жылғы 18 қаңтардағы № 13-13-154 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2012 жылғы 12 наурыздағы № 12 "Нұрлы Ел" және "Кызыл Ту" газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
5. "Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ-і ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | М. Балтабаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Кәдіров |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
"Уәлиханов ауданының | |
ауыл шаруашылығы және | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н. Иманов |
7 тамыз 2012 жыл | |
"Уәлиханов ауданының | |
экономика және бюджеттік | |
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесі бастығының м.а. | А. Нұрмағанбетова |
7 тамыз 2012 жыл |