Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 19.03.2014 N 26/8 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы XXIV сессиясының № 24/3 шешіміне (2010 жылғы 26 сәуірдегі 13-14-100 мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 18 «Парыз» және 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 19 «Новатор» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға отбасының (азаматтың) жанға шаққандағы табысынан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы көмек».
2. Аталмыш шешім 2011 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынаста таралады.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін іске енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
XL сессиясының төрағасы хатшысы
Д. Садыков Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Т. Оразалин