Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 "Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 ақпандағы N 33 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 ақпанда N 2585 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 "Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2467 тіркелген, 2006 жылғы 29 шілдедегі № 90 "Атырау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы:
      7 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы:
      "Табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген Қиғаш өзені мен сағалық кеңістігінің балық шаруашылығы учаскелерінің (тартымдарының) тізбесі" кестедегі:
      6-тармақ алынып тасталсын;
      "Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі" кестедегі:
      7-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастапқа қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы
А. Әбдіров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады