Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы № 62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі Солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі N 191 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 тамызда N 2593 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.03.2018 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 257-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы № 62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2526 тіркелген, 2008 жылғы 17 мамырдағы № 58 "Атырау" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      кіріспеде:

      "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;

      "17,", "72,", "75" сандары алынып тасталсын.

      4-тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      5) тармақшадағы "пайдалану режимін шектеу, сонымен қатар, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағында кемелер қатынасы үшін экологиялық талаптарды" деген сөздер алынып тасталсын.

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қорғау аймағында су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимінің шарттарында:

      бүкіл мәтін бойынша "Атырау облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасымен" деген сөздер "Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің


міндетін атқарушы

Б. Дәукенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады