Қазақстан Республикасы Президенттігіне және облыстық Мәслихат депутаттығына № 2 және № 10 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы N 284 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 наурызда N 4-1-134 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы бойынша № 2 және № 10 сайлау округтері бойынша Атырау облыстық Мәслихаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      3. Осы қаулының 3 қосымшасында көрсетілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген талаптар мен тәртіпке сәйкес келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне және Атырау облыстық Мәслихаты депутаттығына № 2 және № 10 сайлау округтері бойынша кандиттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Н. Ерғалиевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қала әкімі                               М. Исмұратов

Қалалық әкiмдіктің     
2011 жылғы 1 наурыздағы № 284
қаулысына 1 қосымша    

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Орналасқан жері

1

Махамбет-Абай көшелері қиылысындағы тұғырлықтар

2

Махамбет көшесінде орналасқан "Пассаж" дүкені маңындағы тұғырлықтар

3

Сатыбалдиев көшесінде орналасқан "Дина" базары алдындағы тұғырлықтар

4

"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы аялдама маңындағы тұғырлық

5

"Авангард" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы тұғырлық

6

Құрманғазы көшесінде орналасқан "Идеал" дүкені маңындағы тұғырлық

7

Құрманғазы көшесінде орналасқан "Шаңырақ" мейрамханасы маңындағы тұғырлық

8

Cәтпаев көшесі, № 14 Абай аялдамасы маңындағы тұғырлықтар

9

Сәтпаев–Владимирский көшелері қиылысында орналасқан "Өнерпаз" ғимараты алдындағы тұғырлықтар

10

Демалыс саябағындағы тұғырлықтар

11

"Ақ жайық" қонақ үйі алдындағы тұғырлықтар

12

Балықшы кенті, Бейбітшілік даңғылындағы Халықтар достығы саябағы аллеясындағы стенд

13

Жұмыскер кенті, Бекмағамбетов көшесі, № 64-а "Мақсат" дүкенінің маңындағы стенділер

14

Ақсай селолық округі, Уәлиев көшесінде орналасқан Ақжар дәрігерлік амбулаториясы маңындағы стенд

15

Атырау селосы, Әуезов көшесі, № 9 бейіндік мектеп алдындағы стенд

16

Геолог селолық округі, № 65-а кітапхана ғимараты маңындағы стенд

17

Еркінқала селолық округі, Түсіпқалиев көшесі, № 1 "Ару аққу" мейрамханасы маңындағы стенділер

18

Қайыршақты селолық округі, Колхоз көшесі, № 2 "Іңкар" дүкені маңындағы стенд

19

Дамба селолық округі, Амангелді селолық Мәдениет үйі ғимараты маңындағы стенд

20

Кеңөзек селолық округі, Орталық көшесі, № 24 "Айзере" дүкені маңындағы стенд

Қалалық әкiмдіктің     
2011 жылғы 1 наурыздағы № 284
қаулысына 2 қосымша   

Атырау облыстық Мәслихаты депутаттығына № 2 және № 10 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Орналасқан жері

Ескертпе

1

Cәтпаев көшесі, 14 үй маңындағы, Абай аялдамасы жанындағы тұғырлықтар

№ 2 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін

2

Сатыбалдиев көшесі, "Дина" базары алдындағы тұғырлықтар

№ 10 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін

Қалалық әкiмдіктің     
2011 жылғы 1 наурыздағы № 284
қаулысына 3 қосымша   

Қазақстан Республикасы Президенттігіне және Атырау облыстық Мәслихаты депутаттығына № 2 және № 10 сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар бөлінуін қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік орган атауы

Басшысы

Телефон, факс

Мекен-жайы


Қалалық қаржы бөлімі

Гүлмаржан Мақсотқызы Тағанбаева

8 (7122) 25-17-61 25-11-74

Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 52А

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады