Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 341 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 желтоқсанда № 4-2-161 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 19.10.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандитаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшаға сәйкес көрсетілген мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте шарттық негізде үй-жайларды берсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Қ. Далбаевқа жүктелсін.

      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Р. Нұғманов


      Келісілді:

      Жылыой аудандық аумақтык

      сайлау комиссиясының төрайымы З. Қалмұқанова

      15.12.2011 ж.

      "Мұнайшылар" клубының директоры С. Тұрғалиев

      15.12.2011 ж.

  Жылыой ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 341 қаулысына 1 қосымша

Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Елді мекен

Орналасатын жері

1

Құлсары қаласы

1 шағын аудандағы аялдаманың жанындағы стенд

2

Теміржол вокзалы ғимаратының жанындағы стенд

3

Тайманов-Махамбет көшелерінің қиылысындағы стенд

4

Қорғанбаев көшесіндегі № 15 орта мектеп ғимаратының алдынғы алаңындағы стенд

5

Жаңа Қаратон поселкесі

№ 22 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд

6

Тұрғызба селосы

№ 4 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд

7

Шоқпартоғай селосы

№ 3 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд

8

Қосшағыл селосы

№ 2 орта мектеп алдынғы алаңындағы стенд

9

Ақкиізтоғай селосы

Бұрынғы мәдениет үйінің алдынғы алаңындағы стенд

10

Майкөмген селосы

№ 17 орта мектеп ғимаратының алдынғы алаңындағы стенд

  Жылыой ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 341 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беруге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік органның атауы

Басшы

Телефон, факс

Мекен-жай

Жылыой ауданыдық қаржы бөлімі

Дюсупова Жанар Амангельдиевна

8 71237
5-10-63

Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
Махамбет даңғылы, 20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады